Қазақстан шахматистерін ресейлік гроссмейстер оқытатын болды

Юрий Якович 2000-2006 жылдары Ресей әйелдер құрамасының жаттықтырушысы болған.

Фото: 9 Қараша 2017, , 15:34
Бүгін Алматыда шахматтан әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының оқу жаттығу жиыны аяқталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқу процесін әйелдер құрамысының бас бапкері Рустам Хуснутдинов басқарды. Арнайы жиынға спортшылардың біліктілігін арттыру үшін Ресейлік гроссмейстер Юрий Якович шақырылған болатын.
«Ерлер арасындағы халықаралық шебер Динара Садуақасова, халықаралық гроссмейстерлер Гүлісхан Нақбаева мен Мәдина Дәулетбаева, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Гүлмира Даулетова және жас спортшылар Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали халықаралық маманның үйреткен ақыл кеңесін тыңдады. Юрий Яковичтің тәлімгерлігінің арқасында Қазақстан әйелдер құрамасы бұрын соңды болмаған жетістікке қол жеткізіп, 2014 жылы Норвегияда өткен шахмат олимпиадасында 6-орынға табан тіреді», - деді Қазақстан шахмет Федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.
«Біз «Фигураларың стандарттын тыс қатынасы» тақырыбында жұмыс жасадық. Шахмат партиясының соңғы кезеңі - эндшпильде біраз технология бойынша жаттықтық. Бұл біз үшін өте пайдалы білім. Мен жақында ана болған едім. Бұл жаттығулар тезірек формаға келуге көмектесті», - деді Олимпиада қатысушысы Гүлмира Дәулетова. Айта кету керек, Юрий Якович 2000-2006 жылдары Ресей әйелдер құрамасының жаттықтырушысы болған еді. Ол жастар арасындағы 2 дүркін әлем чемпионы, 3 дүркін Еуропа чемпионы гроссмейстер Санан Сюгировке, жастар арасындағы 3 дүркін Еуропа чемпионы, гроссмейстер Иван Букавшинге тәлім берген. Оның «Миттельшпильдегі фигуралардың белсенділігі», «Нұсқаларды есептеу техникасы», «Қарапайым және күрделі эндшпильде ойнау техникасы» еңбектері сарапшылар мен шахматшылар арасында зор маңызға ие.
«Қазақстанның шақыртуын үнемі қуана қабыл аламын. Өйткені мұнда құраманың табандылығы, еңбекқорлығы сүйсіндіреді. Менің сабақтарып жастардың мүмкіндіктерін ашуға септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Юрий Якович.
Фото: www.inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ