Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Фото: 10 Қараша 2017, , 09:21
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды болады, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с, Шығыс Қазастанда екпіні 30 м/с-қа жетеді. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Астанада: бұлтты, -2°. Алматыда: жауын-шашын, +3°. Фото: Sputnik Казахстан

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ