Құлмурзин: бізге 10 күн беріңіздер, АИ-95 мәселесі реттеледі

Zakon.kz
"ҚазМұнайГаз Өнімдері" 15 мың тонна АИ-95 бензинін Астана мен Алматы және басқа да қалалардың жанармай бекеттеріне жеткізбек.
Бүгінгі таңда көлік иелері АИ-95 жанармайын сатып алуда қиындық көріп жүр, бірақ жақын арада жағдай түзеледі, деп сендірді "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры Қуандық Құлмурзин. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

"АИ-92 бойынша ахуалдың күрделенуіне байланысты зауыттарымыз 95-тің көлемін азайтып, негізінен 92 өндіруге мәжбүр. Қазір зауыттар АИ-95 бензині өндірісін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр, үш-төрт күн ішінде жеткілікті мөлшерде шығарылып, ішкі нарыққа жөнелтіледі", — деді Құлмурзин БАҚ сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" 15 мың тонна АИ-95 бензинін Астана мен Алматы және басқа да қалалардың жанармай бекеттеріне жеткізбек.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды