ОҚО полицейлері 13 жыл бұрынғы кісі өлімін ашты

Полицейлері күдіктінің Өзбекстан Республикасында жасырынып жүруі мүмкін екенін анықтады.

Фото: 10 Қараша 2017, , 10:31
Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер 13 жыл бұрынғы кісі өлімін ашты, - деп хабарлайды Zakon.kz облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің жедел қызметкерлері жергілікті тұрғынды өлтіріп, іздеуде жүрген 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. 2004 жылы Шардара аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғындардан Шардара өзенінің маңындағы 50 км жерде қамыс арасында белгісіз азаматтың азаптап өлтірілген мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түскен. Полицейлер тексеру барысында жәбірленушінің кім екенін анықтады. Механикалық асфиксия нәтижесінде қайтыс болған Мақтарал ауданының 1961 жылы туған тұрғыны екен. Аталған жайт негізінде «кісі өлімі» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілерді анықтау барысында полицияда қылмыстық іс қозғалып, ішкі істер органдары құрылымдарына және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іздеу жарияланды. Арада 13 жыл өткен соң Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері кісі өліміне қатысты күдіктінің Өзбекстан Республикасында жасырынып жүруі мүмкін екенін анықтады. Көрші мемлекетке арнайы жедел-тергеу тобы жіберіліп, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті ретінде 1981 жылы туған Өзбекстан азаматын ұстады. Қазіргі таңда Минск конвенциясына сәйкес қылмыстық іс процессуалды шешім қабылдау үшін Өзбекстан Республикасына жіберілді, - делінген хабарламада.
Фото: ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ