Атырауда ломбардты тонаған жігіт басқа қалада қолға түсті

Zakon.kz
Орал қаласында қолға түсті.
Атыраудағы "Жылдам ақша" ломбардына қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 26 жастағы жігіт ұсталды. Ол Орал қаласында қолға түсті, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмысты 26 жастағы Атырау тұрғыны жасағаны анықталған. Тексеру кезінде жігіт тіркелген жерінде болмай шыққан.

- Күдіктінің отбасынан бірнеше рет жауап алынды. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жас жігіт Оралда жүргені белгілі болды. ІІД және ІІБ қызметкерлерінен құрылған топ Оралға барып, күдіктіні ұстады, қазіргі таңда Атырау қаласының тергеу абақтысында отыр, — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Енді Атырау қаласындағы кәсіпкерлік нысандарының бірінің кассирлерін қорқытқан жігіт сот алдында жауап береді. Қазіргі таңда ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі 4-тармақшасы – "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: sputniknews.kz



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды