Иран-Ирак шекарасында күшті зілзала болып, жүзден аса адам қаза тапты

Қаза болған адамдардың саны әлі де өсуі мүмкін.

Фото: 13 Қараша 2017, , 09:46
Иранның батысында болған 7,3 магнитудалы жер сілкінісінен 61 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды, Иракта 4 адам қаза тапқан. Қаза болған адамдардың саны әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасап. Жер сілкінісі адамдар арасында үрей тудырып, көптеген адам үйлерін тастап, қашып шыққан. Бағдаттағы мешіттер дұғаларды дауыс зорайтқыш арқылы оқыған. Көптеген адам шекарадан 15 шақырым жерде орналасқан Сарпол-э Захаб қаласында зардап шекті деді Иранның құтқару қызметінің басшысы Пир-Хоссейн Куливанд. Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының басшысы Мортези Салим Иран мемлекеттік телеарнасы IRINN-ге берген мәліметінде сегіз ауылдың қирағанын айтқан.
«Кей ауылдарда электр энергиясы өшті, телекоммуникация жүйесі істен шықты», - деді ол.
Пир-Хоссейн Куливандтың айтуынша, құтқарушылардың жұмысына көшкін кедергі келтіріп жатыр. Табиғат апатының зардабын әсіресе Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинциялары тартқан. Жер сілкінісінің эпицентрі 33,9 км тереңдікте болған, оны Түркія, Израиль, Кувейтте сезінген. Фото: baq.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ