Алматыда көктайғақ салдарынан жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі мен бес жолаушы зардап шегіп, Toyota жүргізушісі көз жұмған.

Фото: 13 Қараша 2017, , 10:24
Алматыда қалалық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, алты адам ауруханаға жатқызылды, бір адам оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жол апаты Тәтібеков көшесі бойында болған. Toyota Mark II көше бойымен шығыс бағытта келе жатады, ал 54-ші бағдарлы автобус – батыс бағытта. Алматыда автобус Toyota көлігімен соқтығыстыАлматыда автобус Toyota көлігімен соқтығыстыАлматыда автобус Toyota көлігімен соқтығыстыАлматыда автобус Toyota көлігімен соқтығысты Көктайғақ салдарынан автокөлік қарсы беттік қозғалыс жолағына өтіп кетіпті. Автобус жүргізушісі тежегішті басқанымен, Toyota оған бар жылдамдықпен келіп соғылады. Соққы салдарынан автобус бордюрге шығып кеткен. Оқиға орнындағы құдықтан су ағып жатады екен, сол себепті күн суытқанда көктайғақ пайда болса керек. Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі мен бес жолаушы зардап шекті. Toyota жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Фото: sputniknews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ