ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 56 адам анықталды

Заңсыз аң атқан 40, балық аулаған 10-нан астам дерек тіркелген.

Фото: 13 Қараша 2017, , 10:27
Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауысымен заңсыз «қансонарлық» белең алып тұр, - деп хабарлайды Хабар арнасы. Әсіресе Риддер, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында топ құрып, аң аулайтындар көбейген. Сондықтан аймақтағы табиғатты қорғау полицейлері қарашаның 6-15 аралығында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын бастады. Жедел із кесу шарасы басталғаннан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзған 56 адам анықталды. Оның ішінде заңсыз аң атқан 40, балық аулаған 10-нан астам дерек тіркелген. Сондай-ақ 5 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тарбағатай ауданында балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталса, Көкпектіде рұқсатқағазынсыз аңға шыққан адам анықталды. Қазір барлық заңсыздықтар бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Фото: www.egemen.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ