Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиадаға қатысуы мүмкін

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ісі бойынша шешім қабылдау бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.

Фото: 13 Қараша 2017, , 17:47
Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин Илья Ильиннің 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оның кейсі екі жылға спорттан шеттетіліп, Олимпиададан тыс барлық нәтижелері сақталған Мая Манеза кейсімен шамалас», - деді Омар Мұстафин IWF допингке қарсы халықаралық конференциясында журналистерге берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылып, 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. Алайда ауыр атлетті спорттан шеттету туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Федерация басшысының айтуынша, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ісі бойынша шешім қабылдау бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Фото: www.inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ