Қостанайда АИ-80 маркалы бензин қоры таусылуға жақын

Қостанай облысына бірде-бір цистерна бармаған.

Фото: 14 Қараша 2017, , 09:36
Еліміздің жанармай нарығындағы жағдай толық тұрақталды деуге әлі ерте. Осыған дейін жөндеуде болған Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылса да, Қостанай облысына бірде-бір цистерна бармаған, - деп хабарлайды Хабар 24. Сондықтан жергілікті операторлар жанар-жағармайды Ресейден тасымалдауға мәжбүр. Бағасы қымбат болса да, Қостанайда АИ-92 және дизельді отын баршылық. Ал АИ-80 маркалы бензин таусылуға жақын. Қазір небәрі 6 күнге жетерлік қор қалды. Бензиннің бұл түріне елімізде баға шектеуі енгізілген. Сондықтан бір литрін 89 теңгеден асыруға болмайды. Ал Ресейден алдыру қымбатқа түседі.
– Қазір қолымыздағы АИ-92 бензині мен дизел отынының жеткілікті қоры бар. Ал АИ-80 бензиніне облыста тапшылық сақталып отыр. Энергетика министрлігіне қараша айына 1571 тоннаға тапсырыс бергенбіз. Алайда әзірге ештеңе алған жоқпыз. Аймақтардың қажеттілігін өтеу үшін орталық денгейде АИ-80 бензинінің кепілдендірілген өндіріс көлемінің кестесін нақты бекіткен дұрыс деп санаймыз, - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Шаимов.
Фото: 24.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ