Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелді соттады

«Өзгенің мүлкін ұрлау» бабы бойынша тергеу жүрді.

Фото: 14 Қараша 2017, , 11:15
180 теңге шығын келтірген тұрғынның ісі Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық сотында қаралды. Бұл туралы Аlau.kz хабарлайды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қыркүйек күні Ряжское ауылындағы медициналық пунктің маңында тұрған 20 келі көмірді әйел адам ұрлап кеткен.
«Емханаға 180 теңге шығын келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалып, «Өзгенің мүлкін ұрлау» бабы бойынша тергеу жүрді. Екі жақ өзара келіссімге келген соң айыпталушы қылмыстық жауапкершіліктен босады», – делінген хабарламада.
Фото: stan.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ