Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі арта түсуде

2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 373,7 млн АҚШ долларын құрады.

Фото: 14 Қараша 2017, , 17:33
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда-саттық көлемі 30 пайызға артты, - деп хабарлайды Хабар. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті. «2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 373,7 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 30,0 пайызға артты. Оның ішінде экспорт 3 718,0 млн АҚШ доллары (33,9 пайызға өсті), импорт 8 655,7 млн АҚШ доллары (28,4 пайызға өсті) болды», делінген министрлік ақпаратында. Сонымен қатар ведомство мәліметінше, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясының үлесі – 92,0, Қырғызстан Республикасы – 4,4, Беларусь Республикасы – 3,6 пайызға тең. Фото: khabar.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ