Джейкобс Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге дайын

Геннадий Головкин мамыр айында мексикалық боксшы Сауль Альвареспен реванш өткізуді жоспарлауда.

Фото: 16 Қараша 2017, , 09:28
Британдық промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкинге қарсы реваншқа өзінің боксшысы Дэниел Джейкобстың дайын екендігін жеткізді, - деп хабарлайды Zakon.kz BoxingScene-ке сілтеме жасап. «Головкин мамыр айында Сауль Альвареспен матч-реванш өткізуге дайындалып жатыр. Егер аталған қарымта жекпе-жек қандайда да бір себептерге байланысты болмай қалса, ол Джейкобспен шаршы алаңда қайта кездесе алады», - дейді Хирн BoxingScene-ке берген пікірінде. Геннадий Головкин рингке мамыр айында қайта оралып, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізуді жоспарлауда. Фото: Getty images

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ