Алматы облысында ауыр қылмыстар саны артып барады

Zakon.kz
Аймақта жыл басынан бері жаға ұстатарлық 75 оқиға тіркелген.
Биылғы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 43 пайызға өскен, - деп хабарлайды Хабар 24.

Негізінен қасақана кісі өлтіру және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге зорлық-зомбылық жасау сияқты қылмыстық әрекеттердің жиілей түскені байқалады. Аймақта жыл басынан бері осындай жаға ұстатарлық 75 оқиға тіркелген. «Бұл жұмыссыздықтан және ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен туындап отырған жағдай», – дейді өңір прокурорлары.

– Мұндай адамдармен жұмыс істеу керек. Оған біздің қоғам да көмектесуі қажет. Ішкі істер бөліміне дер кезінде хабарлау керек. Қоғамның көмегімен осындай адамдарды тауып, қылмыстық іс қозғап, ары қарай сотқа жолдай аламыз, - дейді Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Данияр Мухияев.

Фото: 24.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды