Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырды

Бұл туралы Елбасы Астана клубының үшінші отырысында мәлім етті.

Фото: 16 Қараша 2017, , 11:59
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда Дональд Трамппен Вашингтонда келіссөз жүргізеді, - деп хабарлайды Zakon.kz.
"Телефонмен сұхбат кезінде Президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сонда боламын. Сол кезде мен Вашингтонға баратын болып келістік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының үшінші отырысында.
Мемлекет басшысы елдерді экономикалық мүдделер байланыстыратынын айтып кетті.
«300-ден астам америкалық компания Қазақстанда жұмыс істейді. Олар біздің елге 50 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Олар - мұнай, энергетика салаларындағы ірі компаниялар. Біз ынтымақтастықты жалғастыруды қалаймыз», - деді Назарбаев.
Фото: inform.kz.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ