Түркияда Қожа Ахмет Яссауи жайлы жаңа роман жарық көрді

Анкарадағы Қазақстан елшілігінде жаңа туындының тұсаукесер рәсімі өтті.

Фото: 17 Қараша 2017, , 10:39
Түркияда күллі түркі халықтарының ұлы ғұламасы, кемеңгер ойшыл Қожа Ахмет Яссауи жайлы жазушы Алпер Қаған Үчердің «Sarp Yokuş» атты романы жарық көрді, - деп хабарлайды Хабар 24. Осыған орай Анкарадағы Қазақстан елшілігінде жаңа туындының тұсаукесер рәсімі өтіп, оқырман қауымға кеңінен таныстырылды. Басқосуда елші Абзал Сапарбекұлы еңбектің түбі бір туыс халықтар үшін аса маңызды екенін атап өтіп, жиылған қауымға Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап берді. Ал кітап авторы, жазушы Алпер Қаған Үчер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бойынша қолға алған бастамаларын жоғары бағалап, түркіден шыққан Қожа Ахмет Яссауи сынды ұлы тұлғалардың рухани мұраларын насихаттау қажеттегіне ерекше назар аударды.
- Біз осындай туындының бірінші кезекте жақын арада Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының мазмұнына қаншалықты үйлесімді екенін көрдік. Сондықтан ол келешек ұрпаққа да түсінікті болуы үшін осы рухани бағдарлама шеңберінде өткізуді ұйғардық, - дейді Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы.
Фото: 24.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ