Айтыстың бір миллион теңгелік бас жүлдесін Ринат Зайытов еншіледі

Аудан әкімінің арнайы жүлдесін көкпектілік Жасұлан Мақаев алды.

Фото: 17 Қараша 2017, , 11:57
Көпектіде өткен республикалық айтыстың бір миллион теңгелік бас жүлдесін Ринат Зайытов еншіледі, - деп хабарлайды Altaynews.kz. Ал бірінші, екінші, үшінші орындар Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев, Серік Қуанғанұлына бұйырды. Аудан әкімінің арнайы жүлдесін көкпектілік Жасұлан Мақаев алды. Қалған ақындар да құр қол қайтпады. Естеріңізге сала кетейік, Көкпекті ауданында Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық торқалы тойына орай «Жыр тұнған жағасына Көкпектінің» атты республикалық айтыс өткен болатын. Жиын барысында мерейтой иесінің тағылымды өмірі мен тартымды шығармаларынан сыр шертетін зал ашылды. Сондай-ақ өңірдегі атымтай азаматтардың көмегімен аудандық мәдениет үйінің алдына ақтангер ақынның кеуде мүсіні қойылды. Фото: altaynews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ