Ауылдағы қызықсыз өмірден жалыққан қыз Алматыға қашып кеткен

Ата-ананың айтуынша қыздың бұрын мұндай әдеті болмаған.

Фото: 17 Қараша 2017, , 14:01
Талғар полициясы бір тәулікке жуық уақыт жоғалып кеткен қызды іздеген. Алматы облысына қарасты ІІД оқушының Алматы қаласынан табылғанын хабарлады, - деп жазады Stan.kz. Полицияның мәліметінше 15 қараша күні Бесағаш ауылындағы бөлімшеге ерлі-зайыпты қыздарының жоғалғанын айтып, шағым түсірген. Ата-ананың айтуынша қыздың бұрын мұндай әдеті болмаған. Осыдан кейін полиция іздеу жұмыстарын бірден бастап кеткен. «Іздеу шаралары барысында оқушы Алматыдағы ойын-сауық саябақтарының бірінен табылған. Қазір ол аман-сау күйінде туыстарына қайтарылды. Қыздың өзі мұндай әрекетке баруына «ауылдағы қызықсыз өмірден жалыққанын» себеп деп көрсеткен. Фото: stan.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ