Димашты америкалық жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды

Америкалық фанаттар Димашты Лос-Анджелес әуежайында қарсы алды.

Фото: 20 Қараша 2017, , 09:34
Әлемдік турнеге аттанған Димаш Құдайберген АҚШ-қа келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасай отырып. Америкалық фанаттар Димашты Лос-Анджелес әуежайында ыстық ықыласпен қарсы алды. // Патрис Груллион - Димаштың белсенді америкалық жанкүйерлерінің бірі және оны Лос-Анджелес әуежайында алғашқы күтіп алушылардың бірі болды. // Димаш АҚШ-қа ұшпас бұрын америкалық елшілікке барып, елші Джордж Кролмен кездесті. Бұдан бұрын хабарланғандай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 19-23 қараша аралығында Лос-Анджелесте Қазақстан мәдениет және кино күндері өтеді. Олардың мақсаты - америкалық көрермендерге республиканың бай ұлттық-мәдени құндылықтарын таныстыру. Фото: www.inform.kz //]]>

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ