Алматыда сауда орталығында антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде

Қала тұрғындарына сауда орталығы мен маңайында оқу-жаттығулар жүріп жатқан кезде шектеу амалдары қолданылатыны ескертілген.

Фото: 20 Қараша 2017, , 10:38
Бүгін 8.30-10.00 аралығында Розыбақиев көшесінде орналасқан Mega Alma-Ata сауда және ойын-сауық орталығында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу жүргізіледі, - деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қаласы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап. Қала тұрғындарына сауда орталығы мен маңайында оқу-жаттығулар жүріп жатқан кезде шектеу амалдары қолданылатыны ескертілген.
"Азаматтарды жүргізілген шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын ескеруге, қозғалыс бағдарын алдын-ала реттеуге, оқу-жаттығуды жүргізуге қатысушы мемлекеттік орган қызметкерлерінің талабын орындауға шақырамыз", — деп жедел штаб халыққа үндеу тастады.
Штаб ескертіп өткендей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші тұлғаның талабын орындамаған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Фото: sputniknews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ