Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде жантүршігерлік кісі өлімі тіркелді

Қайтыс болған 25-30 жас шамасындағы ер азамат.

Фото: 20 Қараша 2017, , 11:06
Қанды оқиға қарашаның 17-нен 18-не қараған түні 5-шағынаудандағы №20 үйде орын алған, - деп жазады Sn.kz "Лада" порталына сілтеме жасап. Марқұмның жанұшыра айқайлаған дауысын сол үйдің тұрғындары естіпті. Олар дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен полицейлер бірнеше жерінен пышақталған ер азаматтың мәйітін тапты. Қылмыс орнына полицейлерден бұрын жеткен жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болған ер азаматтың 25-30 жас шамасында болғанын айтып отыр. Көршілері оны дереу таныды. Айтуларынша, марқұм бұрын үйленбеген, осы үйдің тұрғыны екен. Сотталған. Әзірге полицейлер бұл жайтқа қатысты пікір айтудан бас тартып отыр. Фото: sn.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ