Головкин карьерасын қашан аяқтайтыны туралы: Бір соққы бәрін шешуі мүмкін

Боксшы әлі үш немесе бес жылға дейін бокстасқысы келетінін айтты.

Фото: 20 Қараша 2017, , 17:37
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иесі Геннадий Головкин өзінің салмақ дәрежесін ауыстыру және карьерасының аяқталуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Zakon.kz.
«Маған орта салмақта рингке шығу ыңғайлы, 160 фунтта, алайда 168 фунтта үлкен ұсыныс болса, салмағымды өзгертер едім», - деді Головкин ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Сондай-ақ боксшы әлі үш немесе бес жылға дейін бокстасқысы келетінін айтты, бірақ бокста түрлі жағдай болатынын ескерте кетті.
"Мен әлі үш-бес жыл бокстасуды қалаймын, алайда кейде бір соққы бүкіл өмірді өзгертіп жіберуі мүмкін. Бәлкім келесі жекпе-жекте бәрі өзгереді", - деді Головкин.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ