Ақтөбеде есірткі шегіп алған КамАЗ жүргізушісі әйелді басып кетті

Zakon.kz
55 жастағы әйел сол жерде көз жұмған.
Полиция жаяу жүргіншілер жолында әйелді қағып өлтірген КамАЗ жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нокин даңғылында жол апаты болғаны туралы хабарлама полицияға 14 қараша күні кешкі 7-нің шамасында түскен.

Оқиға орнына жеткен шұғыл тергеу тобы 27 жастағы жүргізуші "КамАЗ" маркалы автокөліктің рөліне есірткі шегіп алып отырып, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін анықтады. 55 жастағы әйел сол жерде көз жұмған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сараптама тағайындалды.

Күдікті тергеу абақтысына жабылды.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды