Н. Нығматулин қаржы министріне: қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек

Нығматулин Қазақстанның өзге елдерге берген қарыздарын қайтару қажеттілігіне тоқталды.

Фото: 22 Қараша 2017, , 10:52
Бүгін Палатаның кезекті жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин басқа елдердің Қазақстанға қайтаруға тиіс берешекетерін уақытында реттеу керектігіне назар аударды, - деп хабарлайды Zakon.kz. Нақтылап айтқанда, бұл мәселе Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттерін қайта құрылымдауға қатысты ратификациялық заң жобасын талқылау кезінде көтерілді. Мәселен, депутат Ирина Унжакова Грузия Үкіметінің берешекті қайтармауға қатысты жағдайы 20 жылдан асып бара жатқанын атап айтты.
Осыдан кейін Мәжіліс Спикері қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа: «грузиндік әріптестермен қарыз мәселесінің реттелгені жақсы, дегенмен, бұл босаңсуға себеп болмауы керек. Өйткені, басқа елдермен қарыздар бойынша әлі реттелмеген сұрақтарбар», - деді.
Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы қайтарылған қаржылар бюджет қоржынын толтыру керектігін айта келіп, - қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек, - деді.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ