Зимбабвенің жаңа президенті осы аптада ант қабылдайды

Zakon.kz
Ол 23 немесе 24 қарашада ант қабылдайды
Зимбабвенің бұрынғы бірінші вице-президенті Эммерсон Мнангагва елдің жаңа президенті болады. Ол 23 немесе 24 қарашада ант қабылдайды деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ZANU-PF партиясының өкілі Лавмор Матукенің айтуынша, жаңа президент 21 қарашада отставкаға кеткенін мәлімдеген Роберт Мугабенің уәкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін билік басында болады, деп хабарлайды Reuters. Ол мерзім 2018 жылдың тамызында аяқталады. Содан кейін Зимбабведе президент сайлауы өтеді.

Еске сала кетсек, Зимбабве армиясы 15 қарашада Мугабені отбасымен бірге үйқамаққа алған. Сонымен қатар әскерилер ел астанасы - Хараредегі телеорталықты басып алып, президенттің қауіпсіз жағдайда екенін, олардың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екенін мәлімдеген болатын.

Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды