Синоптиктер елімізде жауын-шашынның қашан болатынын болжады

Zakon.kz
Қазір елімізде аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталып тұр.
РМК "Қазгидромет" алдағы 3 күнге арналған ауа-райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым территориясына Сібір антициклоны жотасының әсері таралды. Осыған байланысты аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы, ауа температурасы 5-10 градусқа климаттық нормадан жоғары болып сақталуда, тек республикамыздың шығысы мен оңтүстігінде нормаға жақын.

"Алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонның жылуы әсерінен, антициклон жотасы бұзыла бастайды. Циклонның атмосфералық фронттарының шығысқа жылжу барысында, басында батысқа, ал 25 қарашадан республиканың басқа да облыстарында жауын-шашын, кобінесе ылғалды қар түрінде, оңтүстігінде жаңбыр, кей жерлерде тұман, солтүстік облыстарда көктайғақ күтіледі", - дейді синоптиктер.

Фото: inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды