Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

Орман шаруашылығымен айналысатындардың жалақысы 30-40 мың теңгенің айналасында.

Фото: 22 Қараша 2017, , 14:00
2019 жылдан бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға дейін көбейеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар комитетінің төраға орынбасары Қайрат Үстеміров мәлімдеді, - деп xабарлайды Baq.kz.
«Статистика бойынша ауыл, орман, балық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің ең төмен жалақы алатынын білесіздер. Орман шаруашылығымен айналысатындарға келетін болсақ жалақылары 30-40 мың теңгенің айналасында. Мыңдаған гектар жерге қарайтын Ұлттық парк директорының өзі 80 мың теңге алады. Бірінші кезекте бұл мәселені шешу үшін 2019 жылдан бастап осы саладағы қызметкерлердің жалақысын 25%-ға дейін көтеруді қолға алып жатырмыз. Біліктілік талап ететін боламыз. Бұл да жалақыны 40%-ға дейін көбейтуге әсер етпек», - деді Қайрат Үстеміров.
Фото: baq.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ