700-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алады

Zakon.kz
Алыс және таяу шетелден келген 734 түрлі этнос өкілі Қазақстан азаматтығын алады.
Алыс және таяу шетелден келген 734 адам Қазақстан азаматтығын алады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен президент жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстан азаматтығынан шығару және беру мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тиісті жарлыққа қол қойылғаннан кейін алыс және таяу шетелден келген 734 түрлі этнос өкілі Қазақстан азаматтығын алады.

Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік алғаннан бері 1 миллионнан астам адамның біздің еліміздің азаматы атанғанын атап өтті. Бұл әлемнің Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен сенімді дамып келе жатқан мемлекет ретінде Қазақстанға деген қызығушылығының айқын айғағы, деді ол.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды