Қостанай облысында екі көршінің ұрысы кісі өлімімен аяқталды

Оқыс оқиға 16 қараша күні №7 шағын ауданның подъезінде болған.

Фото: 23 Қараша 2017, , 10:47
Оқыс оқиға Қостанай облысының Жетіқара ауданында орын алған, - деп хабарлайды Baq.kz агенттігі alau.kz басылымына сілтеме жасап. Ақпаратты Жетіқара ауданы прокурорының орынбасары Руслан Өмірзақов растады. Оқыс оқиға 16 қараша күні №7 шағын ауданның подъезінде болған. Сол күні кезекші бөлімге екі көршінің ұрысы туралы ақпарат келіп түскен.
«Оқиға орнына бет алған топ бірінші болып 34 жастағы ер адамның баспалдақта жатқан мәйітін көрген. Жанында балта жатқан. Тергеу барысында оны 29 жастағы көршісі өлтіргені анықталған. Осыдан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған», - дейді Руслан Өмірзақов.
Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, экспертизалар тағайындалды. Тергеу жұмыстарын Жетіқара прокуратурасы бақылайтын болады. Фото: baq.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ