Оралда күйік жарақатын алған әйел Самарада емделмек

Самарада емделу үшін шамамен 5 млн теңгедей қаражат керек.

Фото: 23 Қараша 2017, , 11:06
Оралдағы газ жарылысынан күйік шалған әйел Самарада емделмекші, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалиұлының айтуынша, туыстары Самарадан кеңесуге маман-дәрігер алып келген. Содан кейін әйел Самара қаласындағы Н.Пирогов атындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың №11 күйік жарақаты бөлімшесіне жеткізілді. Денесінің 85 пайызын күйік шалған екі баланың анасы Әселім Нығметова мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды. Күйеуі Руслан Нығметовтің інісі Ерлан Нығметовтің сөзіне қарағанда, жеңгесін Самарада емдеу өте қымбатқа түскелі отыр. Шамамен 5 млн теңгедей қаражат керек. Жарын Самараға апарып, қасында болып, түнде келген Руслан қазір арнайы есепшот ашудың қамымен жүр. Отқа оранған әйелін көріп, сөндірмек болған Русланның да қолын күйік шалған еді. Оған да көмек көрсетілген.
«Әселімнің жағдайы бүгін түстен кейін белгілі болады. Бәріміз соның тілеуін тілеп отырмыз», - деді Е.Нығметов.
Еске сала кетейік, 18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентіндегі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, алты адам зардап шегіп, соның ішінде 37 жасар Ә.Нығметованың денесін 85 пайыз күйік шалып, кейін оның іштегі сәбиі шетінеп кеткен еді. Фото: www.dalanews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ