Бес боксшы қызымыз ӘЧ-ның жартылай финалына өтті

Қазақстанның 10 спортшысының бесеуі жартылай финалға өтті.

Фото: 23 Қараша 2017, , 12:16
Үндістанның Гувахати қаласында бокстан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалистер анықталды, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осылайша, қандай елдер, қанша медаль иеленетіні бүгіннің өзінде белгілі. Атап айтқанда, Үндістан – 7, Ресей – 6, Қазақстан – 5, Қытай, Англия, Ирландия, Жапония, АҚШ, Түркия – 2 медальдан, Австралия, Тайбэй, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Польша, Таиланд, Украина және Вьетнам бір-бір медаль еншілейді. Қазақстанның 10 спортшысының бесеуі жартылай финалға өтті. Атап айтқанда, 24 қараша күні қазақстандық Жансая Әбдірайымова (51) ринг иесі Джиотиге қарсы шығады, сондай-ақ Дина Исламбекова (+81) үндістандық тағы бір спортшы Неха Ядавпен қолғап түйістіреді. 25 қараша күні Жазира Орақбаева (48), Жансая Балтабекова (60) және Арайлым Бекділдә (81) рингке шығатын болады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ