Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілерді полиция ұстай бастады

Мұндай шаралар азаматтарды әкімшілік борышын уақытында төлеуге мәжбүрлемек.

Фото: 23 Қараша 2017, , 14:42
Алматы полициясы айыппұл төлемеген жүргізушілерді ұстай бастады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада «Борышкер» жедел профилактикалық апталығы басталды. Көлік көп жүретін жолдарда «КРИС-П», «ПОТОК-М» мобильді кешендері мен жол-патрульді полиция экипаждары шоғырланған. Бұл құралдар әкімшілік қарызы бар жүргізушілерді ұстауға арналған.
«Жоспарлы шара қамауда тұрған көлік иелері мен айыппұл төлемей отырған жүргізушілерді ұстауға бағытталған. Автоматты жүйе көлік ағынынан сондай жүргізушілерді анықтаған соң, оларды жол полициясы тоқтатады. Кейін ол азаматқа монитордан борышы туралы ақпарат көрсетіледі. Көлік айып тұрағына жіберіледі. Қажетті хаттама толтырылады. Жүргізуші оны барлық борышынан құтылған соң ғана шығара алады. Мұндай шаралар азаматтарды әкімшілік борышын уақытында төлеуге мәжбүрлемек», — деді ІІД басқарма басшысы Жандос Мұраталиев.
Айта кету керек, ауқымды шараға аймақтық жеке сот орындаушылар мен прокуратура өкілдері қатысып жатыр. Фото: jasqazaq.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ