Қазақстанда 10 айда құны 120 миллион доллар болатын алтын өндірілді

«Қазақалтын» компаниясы 3 тонна алтын өндірді.

Фото: 23 Қараша 2017, , 16:32
2017 жылдың 10 айында біз 120 млн долларға жуық алтынды өндірдік. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Қазақстандық өнім жасаймыз» VII форумының баспасөз мәслихатында «Қазақалтын» ТКМК АҚ бас директоры Баламир Маханов айтты, - деп хабарлайды Baq.kz.
«2017 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Қазақалтын» компаниясы 3 тонна алтын өндірді. Өнімнің АҚШ валютасына шаққандағы құны – 120 млн долларға жуық», - деді ол.
Осы орайда компания басшысы елімізде өндірілген алтын шетелге экспортталмайтынын атап өтті.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысына сәйкес, алтынды Қазақстаннан басқа жаққа экспорттауға тыйым салынған. Сондықтан өнімдерімізді «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі Балқаш мыс қорыту зауытына және Астана қаласындағы «Тау-Кен Самұрық» кәсіпорнына жібереміз. Біз шетелге алтынды сатпаймыз», - деді Баламир Маханов.
Фото: baq.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ