Ақтауда 63 жастағы әйел терезеден секіріп қайтыс болды

Zakon.kz
Сол аяғы мен оң қолы сынған, басқа да көптеген жарақат алған.
Ақтауда 63 жастағы әйел 12 шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап қайтыс болды, - деп хабарлайды Today.kz "Ладаға" сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 23 қарашада 17:47-де болған. Жедел жәрдем хабарлама түскен бойда жолға шыққанымен, әйел адам қайтыс болып кетті. Оның сол аяғы мен оң қолы сынған, басқа да көптеген жарақат алған.

Туысқандарының айтуынша, зейнеткер пәтер жалдаған. Сол пәтердің маңынан оның денесі табылды.

"18:50-де қайтыс болғаны белгіленді. Мәйітханаға 19:04-те жіберілді", - деді фельдшер Наурызай Аманова.

Қарт кісінің өлімі дерегімен ҚР ҚК 105 бабы "Өз-өзіне қол салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: today.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды