Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков қызметіне кірісті

Жаңа президентті ұлықтау рәсімі "Ала-Арча" резиденциясында өтіп жатыр.

Фото: 24 Қараша 2017, , 11:33
Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков ресми түрде қызметіне кірісті. Жуырда өткен президенттік сайлауда ол 55 пайыз дауыс жинап, саяси науқанды жеңіспен аяқтаған болатын, - деп хабарлайды Sn.kz. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі "Ала-Арча" резиденциясында өтіп жатыр. Сооронбай Жээнбеков алдымен халық алдында ант берді. Мұнан кейін оған мемлекет басшысы екенін растайтын куәлік, төсбелгі және штандарт табысталды. Ал, дәл осы сәтте Бішкек орталығында үш рет артиллериядан оқ атылды. Инаугурациядан кейін Жээнбеков Ақ үйдегі жұмыс орнына барады. Ол жерге жаңа президентті бүгін қызметінен босаған Алмазбек Атамбаев шығарып салуы тиіс. Айта кету керек, ұлықтау рәсіміне барлығы 450 адам қатысты. Олардың қатарында шетелдік қонақтар жоқ. Қырғыз билігі қаражатты үнемдеу мақсатында шетелден ешкімді шақырмайтындарын бұған дейін мәлімдеген болатын. Фото: sn.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ