Ресей Қазақстандағы полигонда зымыран шабуылына қарсы сынақ жүргізді

Zakon.kz
Сынақ Қазақстандағы Сарышаған полигонында жүргізілген.
Ресейдің әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Қазақстандағы полигонда ПРО жаңартылған зымыран жүйесін іске қосуды сәтті түрде жүзеге асырды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сынақ Қазақстандағы Сарышаған полигонында жүргізілген.

"ПРО жүйесінің жаңа зымыранға қарсы құралы тапсырманы сәтті түрде орындап, белгіленген уақытта шартты нысанаға дөп тиді", — деп мәлімдеді Әуе-ғарыштық күштерінің әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бірлестігі қолбасшысының орынбасары, полковник Андрей Приходько.

Зымыран шабуылына қарсы жүйе Әуе-ғарыштық күштердің қарамағында және Мәскеуді әуе-ғарыштық шабуылдардан қорғауға арналған.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды