Астанада көлік үйге соғылып, бір адам мерт болды

Zakon.kz
«Лада» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.
Астанада жеңіл көлік үйге соғылып, көлікте болған жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы ІІД баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

София Қылышбекованың айтуынша, жол апаты 26 қараша күні түнгі сағат 01:00-де Бабатайұлы мен Жаңа көше көшелерінің қиылысында болған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Алдын ала белгілі болғандай «Лада» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, үйге барып соғылған. Жол апаты салдарынан 29 жастағы көлік жүргізуші мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 12:00-де алған жарақаттары салдарынан 27 жастағы жолаушы ауруханада қаза тапты», - дейді София Қылышбекова.

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Фото: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды