Open Eurasia байқауында Әбілхан Қастеевтің немересі жүлдеге ие болды

Open Eurasia-2017 байқауының қорытындысы Швеция астанасында (Стокгольмде) қорытындыланды.

Фото: 27 Қараша 2017, , 10:23
Талантты суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің немересі Дәурен Қастеев Open Eurasia-2017 байқауында екінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Zakon.kz байқаудың сайтына сілтеме жасап. Open Eurasia-2017 байқауының қорытындысы Швеция астанасында (Стокгольмде) қорытындыланды. Ашық әдеби байқаудың «Иллюстрация», «Видеофильм», «Аударма» және «Әдеби шығарма» атты төрт санатында әлемнің 8 елінен барған 20 қатысушы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздардың есімі Open Eurasian Literature Festival & Book Forum VI Халықаралық әдеби фестивалінің ашылу салтанатында жарияланды. Хабарланғандай, сыйлық лауреаты Дәурен Қастеев «Иллюстрация» санатында екінші орынды иеленді. Фото: www.inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ