Түркия президенті кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге уәде берді

Түркия басшысына сыбайлас жемқорлық жасады және шетелдік банкте есепшоты бар деген айып тағылып отыр.

Фото: 27 Қараша 2017, , 10:53
Оппозициялық халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу Түркия мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлық жасады және шетелдік банкте есепшоты бар деген айып тағып отыр. Режеп Тайып Ердоған кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге уәде берді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан russian.rt.com-ға сілтеме жасап.
"Ол (Кылычдароглу. — RT) мен және менің отбасым туралы өтірік айтып отыр, қарапайым дәлел де келтірмеді. Ердоғанның шетелдік банкте есепшоты бар екенін дәлелдесін, егер дәлелдей алмаса – саясаттан кетсін. Ал егер дәлелдесе – мен президент тағынан кетемін", — деп мәлімдеді түрік лидері NTV телеарнасының эфирінде.
Бұған дейін Түркия президентінің басқарушы әділет және даму партиясындағы бас кеңесшісі Шабан Дишли отставкаға кеткен еді. Саясаткер Ердоғанға зиян тигізбес үшін осындай шешім қабылдағанын айтты. Фото: https://sputniknews.kz/images/375/94/3759412.jpg

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ