Ақсуда дүкен өртеніп, 30 адам құтқарылды

Құтқарылған 30 адамның оны - бала.

Фото: 27 Қараша 2017, , 11:10
Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында дүкен өртеніп, салдарынан 30 адам құтқарылды, оның ішінде оны - бала, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлағандай, Астана көшесі, 3 мекенжайындағы дүкен төрт қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. - Түнгі 1:56 кезінде орын алған өрт таңғы 4:00 шамасында толық сөндірілді. Дүкенде пластикалық терезе, тоңазытқыш, ағаш сөрелер, азық-түлік өртке оранып, ұялы телефон бутигі толығымен жанып кетті. 50 шаршы метрге дейін жайылған қызыл жалынды сөндіру үшін жеке құрамнан бес адам және үш техника жұмылдырылды. Құтқарылған 30 адамның оны - бала. Айта кетейік, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. Фото: pavlodarnews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ