Ақтөбе облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адам ұсталды

Тінту барысында аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер алынды.

Фото: 27 Қараша 2017, , 12:25
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштар алынды», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
ҰҚК мәліметінше, ұсталғандар Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттеген. Тергеу іс-шаралары жалғасуда. Фото: aktobenews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ