Қайыр сұраған Өзбекстан азаматшасы елден қуылды

Қоғамдық орындарда қайыр сұрап, тұрғындардың мазасын алған.

Фото: 27 Қараша 2017, , 12:53
Көкшетау қаласында қоғамдық орындарда қайыр сұрап, тұрғындардың мазасын алған Өзбекстан Республикасының азаматшасы ел аумағынан шығарылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстан азаматшасы ұзақ уақыт бойы Көкшетау қаласының қоғамдық орындарында қайыр сұрап келген. Келіншекті арнайы рейд барысында қалалық ІІБ көші-қон полициясының қызметкерлері ұстаған.
«Шетел азаматшасының ҚР ӘҚбК 449-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Сондықтан ол дереу ел аумағынан шығарылды», - деп түсіндірді ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері халықтың көшіп-қонуына байланысты ҚР заңнамасын бұзған 4 115 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 3 719-ының Қазақстан Республикасы аумағынан шығу мерзімі өтіп кеткені, ал 396 шетелдіктің заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталды. Фото: www.inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ