1 қаңтардан бастап еңбекке жарамсыздарға әлеуметтік көмек төленеді

Егер бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана болса, онда жәрдемақы төленеді.

Фото: 27 Қараша 2017, , 14:22
Еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға жұмыспен қамту орталықтарынан ақшалай төлемдер беріледі. Бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова осылай мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету түрленетініне тоқталған ол: «Атаулы әлеуметтік көмектің екі түрі жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерімен іске асырылады. Біріншісі - ол еңбекке жарамды адамдары жоқ отбасыларға ақшалай көмекке қатысты. Бұл шаралар өз кезегінде ешбір талапсыз, әлеуметтік шартсыз атқарылады», - деді. Осы орайда Светлана Жақыпова аталған көмекке қатысты мысал келтірді.
«Егер де баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана болса, онда оған аталған жәрдемақы төленеді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері бұл әйелге әлеуметтік тіркеу картасын ашады және оның кірістерін есептеп шығарады. Содан кейін әлеуметтік көмекті тағайындап, төлейді. Яғни бұл жеңілдетілген тәртіп болып саналады әрі ол ешбір талаптарсыз төленеді», - деп түсіндірді вице-министр.
Фото: www.inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ