Мүгедектік туралы куәлік беру электронды түрде жүргізілетін болды

Мүгедектік санатын тағайындау туралы шешімді тәуелсіз сарапшылар қабылдайды.

Фото: 27 Қараша 2017, , 16:09
Елімізде мүгедектік туралы куәлік беру процесі электронды түрде жүргізілетін болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова үкімет отырысында хабарлады, - деп жазады Хабар 24. Оның айтуынша, енді науқастар барлық құжатын арнайы ақпараттық жүйеге жібереді. Ал мүгедектік санатын тағайындау туралы шешімді тәуелсіз сарапшылар қабылдайды. Ведомство өкілдерінің пікірінше, жаңа бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді.
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өзінің өтінішін электронды түрде жібереді. Құжатта оның аты-жөні тіркелмейді. Яғни, дәрігерлер науқастың денсаулығын тек медициналық көрсеткіштерге сүйеніп қана бағалай алады. Ал сараптама нәтижелері өтініш берушінің электронды кабинетіне 7 күн ішінде жолданады, - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.
Фото: Хабар 24

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ