«Ақтөбе» командасының экс-футболшысы еңбекақысын сот арқылы өндіріп алды

Футболшы төленбеген еңбекақының өсімпұлын да талап еткен.

Фото: 27 Қараша 2017, , 16:35
«Ақтөбе» командасының футболшысы еңбекақысын өндіру үшін сотқа жүгінген, - деп жазады Аktobenews.kz Жауапкер соттан «Ақтөбе» футбол клубынан 2015 жылдың қараша, желтоқсан айларына 11 106 000 теңге көлемінде еңбекақысын, 5 553 000 теңге көлемінде жылдық ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы өндіріп беруді талап еткен. Футболшы төленбеген еңбекақының өсімпұлын да талап еткен. Сот талқылауы кезінде жауапкердің 2014 жылы 3 қаңтарда «Кәсіби футболшы» лауазымында қызмет атқарғаны анықталған. ҚР АПК-нің 223, 226, 281-баптарын басшылыққа ала отырып, сот талапкер Т.-ның талап арызын ішінара қанағаттандырды.
«Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ-дан Т.-ның пайдасына 2015 жылдың қараша, желтоқсан айларына 11 106 000 теңге көлемінде еңбекақы сомасын, еңбекақы төлемін кідіртуінен 305 415 теңге көлемінде өсімпұл, 5 553 000 теңге көлемінде жылдық ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақыны өндірді», — деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Фото: aktobenews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ