АҚШ-та алғаш рет адам миына көңіл-күйге әсер ететін имплант енгізілді

baq.kz
Бұл әдіспен жүйкесі сыр берген әскерилер мен ардагерлерді емдеу жоспарлануда.
Америка Құрама Штаттарында импульстың көмегімен адамның көңіл-күйіне әсер ететін имплантқа сынақ жүргізілді, - деп хабарлайды Baq.kz life.ru-ға сілтеме жасап. Бұл туралы Nature журналы жазады.

Зерттеу барысында ғалымдар психикалық ауытқушылықтар кезінде мидың белгілі бір белсенділігіне әсер ететін нейроимплантты сынақтан өткізген.

Сондай-ақ, психикалық ауытқушылықтар туындаған кезде оны қайтадан қалпына келтіретін электрлі импульстарды миға жіберген.

Калифорния университеті мен Массачусетс госпиталінің зерттеушілері дәрігерлердің күйзеліске ұшыраған және жарақаттанғаннан кейін жүйкесі сыр берген әскерилер мен ардагерлерді емдеу үшін имплантты электродтар жүйесін құруды жоспарлауда.

Алайда, басылым атап өткендей, бұл жаңа технология арқылы емделушіні тіпті дәрігерлердің көмегінсіз-ақ емдеуге болады.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды