Елімізде «Халал» белгісі бар шұжықтардан доңыз еті табылды

Дәл осындай жағдай елімізде жылда тіркеледі.

Фото: sn.kz28 Қараша 2017, , 11:11
Елімізде шұжық өнімдерін өндіретін 11 кәсіпорын өз өнімдеріне «Халал» деген таңба қойып, бірақ доңыз етін пайдаланған, - деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Дәл осындай жағдай елімізде жылда тіркелетінін де айта кету керек. Әсіресе, көрші Ресейден тасымалданатын «Халал» шұжықтарда доңыз ДНҚ-сы жиі анықталып жатады. Бұл жолы шұжықпен қатар, көрші елдің «Халал» белгісі басылған сиыр консервілерінің ішінен де шошқа еті табылған. Жалпы, жыл басында Денсаулық сақтау министрлігі 36 мың өнімді алып, майшаммен құрамын зерттеуге кіріскен екен. Оған қазынадан шығындалған қаржы да аз емес. 60 млн теңге. Осылайша, 29 мың өнімнің 2138-і талапқа сай болмай шықты. Халалдың арамға айналуына ет комбинатындағы өнімдердің бір құрылғыдан шығатыны себеп. Технологиялық талап бойынша, аппарат тазаланып тұруы тиіс. Тұтынушыларды алдаумен пайдаға қарық болуды көздеген кәсіпорындарға 21 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Фото: sn.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ