Елордада қызып алған жігіт түн ішінде 8 көлікке зақым келтірген

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны қамауға алынды.

Фото: Zakon.kz28 Қараша 2017, , 11:42
«Алматы» ауданының криминалдық полиция қызметкерлері үйдің ауласында тұрған 8 көлікке зақым келтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 28 қараша күні түнгі 3.00 шамасында «Алматы» ауданының криминалдық полиция қызметкерлері Мәлік Ғабдуллин көшесі бойындағы үйдің ауласында 8 көлікті зақымдады деген күдікпен ер адамды аумақтық ІІБ-ге жеткізді.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді және ҚР ҚК 293-бабы бойынша (бұзақылық) тексеру жүргізілуде. Күдікті ұсталған кезде мас болған. Тергеу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны достарының үйінде қонақта болып, ішімдік ішкенін, содан кейін аулаға шығып, тұрақтағы автомашиналардың кейбірінің шынысын сындырып, енді бірінің есігін майыстырғанын айтты, - деп хабарлады полициядағылар.
Қазіргі кезде көлік қожайындарынан арыздар келіп түсуде. Фото: zakon.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ