Түркия азаматы Қазақстанда жол апатына түсті

today.kz
Жол апаты дүйсенбі күні Ақкөл ауданында болған.
Ақмола облысында Астана-Петропавл тас жолында екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан Түркия азаматы зардап шекті, - деп хабарлайды Today.kz "Интерфакс-Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жол апаты дүйсенбі күні Ақкөл ауданында, Красный горняк ауылынан 10 шақырым жерде болған.

"ДАФ көлігінің жүргізушісі,1978 жылы туылған Түркия азаматы ара қашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан Камазбен соқтығысқан", - деді баспасөз қызметіндегілер.

ЖКО нәтижесінде ДАФ жүргізушісі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"Оған қатысты Қазақстанның СІМ хат жіберілді, сонымен қатар, оған қатысты қылмыстық іс қозғалады", - деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.

Фото: today.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды