Шекарадан заңсыз өтпек болған Тәжікстан азаматшасы ұсталды

Соттың қаулыларымен 328 шетелдік ҚР аумағынан тысқары шығарылды.

Фото: Хабар 2428 Қараша 2017, , 16:08
«Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізу пункті арқылы қасақана заңсыз өткен Тәжікстан Республикасының 37 жастағы азаматшасын анықтады, - деп хабарлайды Хабар 24. Жоғарыда аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша тіркелді. Еліміздің көлік полицейлері ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 73 азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартқанын еске саламыз. Сонымен қатар 2749 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде елде болу ережесін бұзғаны үшін 2396 шетелдік, оның ішінде 2264 ТМД азаматтары, 132 алыс шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың қаулыларымен 328 шетелдік ҚР аумағынан тысқары шығарылды. Фото: Хабар 24

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ